‘‘Сыйынар ем ана деген тәңірге’’ атты сырласу кеші өтті.
Академик Қ.И.Сәтбаев мемориалдық музейінде 2020 жылдың 2 наурызында Әйел аналардың бала тәрбиесіндегі жауапты ролін арттыру, әйелге құрметпен қараудың тарихи үрдісін сақтау. Нәзік жанды аруларымыздың соның ішінде бүінгі күні ауданымыздың құрметті азаматтары атанып отырған ардагер аналарымыздың қоғамдағы алатын орны жайлы ой-пікір алмасып, оларға қуаныш сыйлау. Сондай-ақ, көпбалалы аналарға ізеттілік көрсетіп, құрметтеуге шақыру мақсатында «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты сырласу кеші өтті.
Сырласу кешінің сыйлы қонақтары - Баянауыл ауданының Құрметті азаматтары, жастар үшін өнегелі үлгі болып табылатын аналар: Әубәкірова Ғалия Әубәкірқызы, Темірбекова Күлжамал, Күзекова Зәру Әбдіқадыровна, Райымкулова Балжан Әкыбаевна. Алты және одан көп балалары бар көп балалы аналарымыз: Мәшім Жамбы Ипатқызы, Мурат Марал, Сыдыкова Рабиға, Қаракесекова Жанар, Нұрханова Тұрсын аналарымыз қатысты. Бүгінгі күні басшылық қызметте жүрген нәзік жандылар да аталған шарадан тыс қалмады.
Аудан әкімінің орынбасары Бәденова Анар Балтабекованың құттықтау сөзімен бастау алған кеш «Асыл әжелер» ансамблінің мүшесі Баянауыл ауданының Құрметті азаматы, білім саласының үздігі, ардагер ұстаз Ғалия Әубәкірқызының аналық лебізімен жалғасты. Кеш барысында «Асыл әжелер» ансамблінің орындауында әндер шырқалды.