"АЛТЫН САНДЫҚ"
2021 жылғы 01 маусым күні академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінде балаларды қорғау күніне орай «Алтын сандық» атты балаларға арналған мерекелік шара өтті.
Музейдің әзірлеген бағдарламасына сәйкес академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың музейінде экскурсия жүргізілді.
Еркін тақырыпта балалардың өздері салған суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Балалардың білімдерін шыңдау мақсатында сұрақ-жауап ойындары өткізіліп, балалар еркін тақырыпта асфальтқа бормен сурет салды.
Сонымен қатар, көп жылдық тарихы бар аудандық «Баянтау» газетінің редакциясында ашылған «Баянтау» газетінің музейін тамашалады. Газеттің редакторы Еламан Қабділәшім балаларды құттықтап, газеттің тарихы жайлы мағлұмат берді.
Мереке соңында балаларға балмұздақ, сусындар және естелік сыйлықтар таратылды.