Павлодар облыстық «Нұр- Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің

Павлодар облыстық «Нұр- Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің «Ару Ана» ансамбілі және «келіндер клубы» мүшелері арнайы Мәшһүр Жүсіп Көпеев мемориалдық музейіне келіп танымдық кездесу өткізді. Сонау 1991 жылдары Зара Қожахметқызы бастау берген «Нұр –Ана әлемі» қазақ жастарының бойына ұлттық салт –дәстүр, тәлім –тәрбиені сіңіріп, бай дәстүрімізді насихаттауда.Ұстазының ісін жалғап келе жатқан Бақыт Шаханқызы, асыл әжелеріміз бен аяулы аналарымыздың ибалы да иманды, өнегелі, көрегенді, сыпайы да салмақты нағыз қазақ жастарын тәрбиелеу жолында атқарып жатқан істері ұшан –теңіз.

«Нұр ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің және облыстық «Аналар кеңесінің» төрайымы Максилова Бақытжамал Шаханқызы қоғамдық бірлестік мүшелеріне Мәшһүр Жүсіптің танымдық әңгімелерін баяндап, өзінің естеліктерімен бөлісті. Музей меңгерушісі Әсет Пазылов Мәшһүр Жүсіптің аналар тақырыбында жазған шығармаларынан үзінді оқыды.