Жуырда Мәшһүр Жүсіп музейіне «Abai tv» мәдени-ағарту телеарнасы келді. [ожидает перевода]
Жуырда Мәшһүр Жүсіп музейіне «Abai tv» мәдени-ағарту телеарнасы келді.
Журналист Серік Жұмабайұлына Мәшһүр Жүсіп музейінің қызметкері Әсет Пазылов Мәшһүр Жүсіптің әулиелігі мен болмысы туралы, кесене тарихы жөнінде сұхпат берді.
Түсіру тобы белгілі фольклортанушы, көрнекті ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының тарихи–мәдени мұрасын, көзі тірісінде қолданған жеке заттарын, оның өмірі мен шығармашылық қызметінен сыр шертетін құнды деректерді түсірді.