«Арт - бюро» жеке меншік көркемсуре

Екібастұз қаласының «Арт - бюро» жеке меншік көркемсурет мектебінің оқушылары жас суретшілердің қаламын ұштап, тарихи әрі рухани ғимараттарға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру мақсатында Мәшһүр Жүсіп мемориалдық музейінде болып, Мәшһүр Жүсіп кесенесінің сыртқы келбетінің суретін салудан шеберлік сайысын өткізді.

«Арт - бюро» жеке меншік көркемсурет мектебінің меңгерушісі Демьяненко Ирина Александровна мұндай ауқымды шараның алғаш ұйымдастырылып отырғанын үлкен мақтанышпен жеткізді.