Құрметті әріптестер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мәдениет пен өнер – рухани өміріміздің мәйегі.

Ұлттық өнеріміз бен мәдени мұрамызды насихаттауда Сіздердің еңбектеріңіз ерекше.

Ауданымыздың өнері мен мәдениетіне сүбелі үлес қосып, осы саланың мерейін көтеріп жүрген Сіздерге айтар алғысымыз шексіз.

Киелі өнер жолында құт қонған Баянаула жерін көпшілікке танытып, биік тұғырдан көрсетіп жүрген баршаңызға зор денсаулық, қуаныш пен шаттық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге шабыт, жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!