«Азалы күн» тақырыбына онлайн-кездесу
2021 жылғы 31 мамыр күні Ш.Айманов атындағы мектеп интернатының ұйымдастыруымен 31 мамыр – саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай мектеп интернатының ұстаздары мен жоғарғы сынып оқушыларының және Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейі қызметкерлерінің қатысуымен «Азалы күн» тақырыбында онлайн кездесу өтті.
Кездесу барысында Ш.Айманов атындағы мектеп интернатының ұстаздары Ержан Бақтыбайұлы Рахымтаев, Таңат Қуанұлы Ахатов және Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінің қор сақтаушы қызметкері Жаннұр Жабайқызы Мұсабаева ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін кезеңі туралы мағлұматтармен бөлісті.
Бүгінгі жас ұрпақ осы қайғы-қасіретті ұмытпауы керек.