2021 жылғы 27 мамырда әдебиет әлемінің дарабозы
2021 жылғы 27 мамырда әдебиет әлемінің дарабозы, талантына дүйім жұртшылық бас иген, дуалы ауыз Олжас Омарұлы Сүлейменовтың 85 жас мерейтойына орай «Заманның Заңғар тұлғасы» атты және Олжас Сүлейменовтың туысы, ақын, «Баянауыл ауданының Құрметті азаматы» Арман Қанидің «Туған жер төсінде», «Кереку жырлары» кітапатарының тұсау кесер кездесу кеші өтті.
Кездесу кешіне ауданымыздың еңбек ардагерлері, мекеме басшылары, мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты.
Шара барысында Павлодар облысының және Баянауыл ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері М.Рахметов, Павлодар облысының және Баянауыл, Ертіс аудандарының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Қ.Шәкіров, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Ә.Баймағанбетов, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Ә.Салықов, Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатының ұстазы, ақын Т.Ахатов пен аудандық «Баянтау» газетінің редакторы, аудандық мәслихаттың депутаты Е.Қабділәшім ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының төрағасы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі қара қылды қақ жарған О.Сүлейменовтың өмір жолына тоқталып, О.Сүлейменовтың туысы, ақын Арман Қаниға өз тілектерін білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.
Мұрат Дүйсенбайұлы мен Қорабай Шәкірұлы Арман ағамыздың бояуы кеппеген жыр жолдарына толы «Туған жер төсінде», «Кереку жырлары» атты жаңа кітаптарының тұсау кесер рәсімін жасады.
Кеш соңында Арман аға қатысушыларға жаңа туындыларын өз қолтаңбасымен сыйға тартты.