"Мұражай – тарих айнасы" атты көшпелі көрме ұйымдастырды
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің құрылғанына 30 жыл (1992) толуына орай Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінің филиалы М.Ж.Көпеев мемориалдық музейі ағымдағы жылдың 11-12 сәуір күндері "Мұражай – тарих айнасы" атты көшпелі көрме ұйымдастырды.
Көшпелі көрме аясында Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің директоры Ербол Қайыров пен Мәшһүр Жүсіп мемориалдық музейінің меңгерушісі Әсет Пазыловтың арасында болған сұхбат музейдің құрылу тарихынан сыр шертілді.