Мәшһүр Жүсіп Көпеев мемориалдық музейінде, «Қазақтың дана биі» Қаз дауысты Қазбек бидің туғанына 355 жыл толуына орай көрме ұйымдастырылды.

Мәшһүр Жүсіп Көпеев мемориалдық музейінде, «Қазақтың дана биі» Қаз дауысты Қазбек бидің туғанына 355 жыл толуына орай көрме ұйымдастырылды.
Қаз дауысты Қазыбек би қазақтың қауымының қарым-қатынасын реттейтін алғашқы әдет-ғұрып заңдарының жинағы Жеті жарғыны құрастырып жасаушы. Ол Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандар ел билеген кезде де ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған, ішкі-сыртқы кикілжіңді шешуге араласқан. Ол -қазақ пен қалмақ хандықтары атысып-шабысып тұрған жаугершілік заманда елшілікке жүріп, көршілес екі елдің арасын уақытша болса да бітімге келтірген би. Жамағат Қаз дауысты Қазыбек бидің тұлғасын жастарымыз елдік пен бірліктің символы ретінде тануы тиіс.