«Ұлы ғалым мұрасы»
Халықаралық музей күніне орай академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінде «Ұлы ғалым мұрасы» атты танымдық әдеби-сазды кеш өтті. 55 жылдық тарихы бар Қ.Сәтбаев музейінде басшылық қызметте болған Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Баянауыл ауданының Құрметті азаматы», еңбек ардагері Мусин Серік Мазанұлы, құрметті зейнеткер – Сағымбекова ҮмітСапарбекқызы,мемлекеттік қызмет ардагері, Тоғжігітова Бақыт Кенжеқайырқызы және Ыдырысов Айбат Сейсенбекұлы қатысып, музейдің қалыптасу тарихын, өздері жұмыс істеген кездерінде болған қызықты оқиғалармен бөлісті. Жас ақын Әйткен Жоламан Қаныш Имантайұлына өз туындысынан арнау оқыды.
«Ән өмірдің ажары» - демекші, шарамыздыән мен әрлеп, күймен тербеген Жаяу Мұса атындығы өнер мектебінің ұстазы Сағат Гүлбану Қайрақбайқызы «Күй ана», «Аңшы» күйлерін, дәстүрлі әншілерКеңес Нұрдос Нұртасұлы менТәттімбет Жасқайратұлы«Бүркітбай», «Баянауыл»халық әндерін шырқады.