Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінде ұлттық валюта теңге күні ұлықталды.


Қазақстан Республикасының аймағына Ұлттық валюта - төл теңгеміздің енгізілгеніне 30 жыл толуына орай Жаяу -Мұса атындағы балалар өнер мектебі жас суретшілердің қатысуымен “Ұлттық валюта теңге”сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге арнайы аудандық Халық банкінің өкілдері де қатысып, Мейірбек Төлеуханұлы бүгінгі мерекемен шараға жиналған көпшілікті құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Сурет көрмесін “Жас дәурен” ООСО- ның ұстаздары мен демалушылары тамашалады. Көрмеге 15 сурет қойылды. Суретшілердің жас ерекшелігі 6-14 жасты қамтыды. Жас суретшілердің көпшілігі 100 теңгелік тиын ақшаны салған екен.

Көрмеге қатысқан жас суретшілерге алғыс хаттар табысталып, тәттілер таратылды.

Баянауыл өнер мектебімен бірлесе атқарылған жұмыстарға алғыс айтамыз!