Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінің қоры жыл сайын тың жәдігерлермен толығуда.

Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінің қоры жыл сайын тың жәдігерлермен толығуда. Желтоқсан айында Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасынан Қаныш Имантайұлының 1923 жылғы 13 желтоқсанда «Қазақ тілі» газетінде төте жазумен жарық көрген мақаласы негізгі қорға алынды. Мақала осыдан тура жүз жыл бұрын жазылған екен. Музей тарапынан ізденіс жұмыстары жалғасады.