Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық...
Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінде журналист, КСРО және Қазақ КСР журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республиканың құрметті журналисі, көп жылдар төл басылым Баянауыл аудандық «Баянтау» газетінің бас редакторы болған, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы - Шалбай Шәкірат Дәулетжанұлының туғанына 80 жыл толуына орай «Қаламы қарымды журналист еді...» атты кеші өтті.
Шәкірат Дәулетжанұлы 55 жыл баспасөз саласында жемісті еңбек етіп, оның 43 жылын аталған қарт басылымда бас редакторлық қызметін атқарған.
Еліне адал қызмет еткен журналисті еске алып, есімін ұлықтау, өнегелі өмірі мен еңбек жолдарын насихаттау, ұрпаққа үлгі ету мақсатында өткен кеште оның үзеңгілес замандастары мен қызметтегі әріптестері, достары, сонымен қатар Павлодар қаласы Халық радиосының директоры Асыл Әбіш, ауданымыздың зиялы қауым өкілдері мен туған-туыстары сөз сөйлеп, ғибратқа толы естеліктерімен бөлісіп, қаламгердің журналистігі хақында сыр шертті.
Ағаларымыздың өнегелі өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі болары сөзсіз!
Посмотреть эту публикацию в Instagram