Арқаның алтын моншағы Баянауыл жерінде...

Арқаның алтын моншағы Баянауыл жерінде орналасқан академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейін тамашалап келушілердің ішінде әр саланың мамандары кездеседі.

Осындай қонақтарымыздың бірі өзі өнерлі қаракөз қарындасымыз, концерватория студенті, музейге бір топ демалушылармен бірге келген кезінде музейіміздің құнды жәдігерлерінің бірі Қаныш Имантайұлының домбырасымен Майра апамыздың әнін шырқаған сәті.

Бұл домбыра академик Қ.И.Сәтбаевтың 1949 жылы 50 жылдығына перзенті Шәмшиябану Қанышқызы сыйлаған домбыра. Жәдігер көп жылдар жарылып, ойнамай тұрған еді.

Биылғы жылы жерлесіміз Сыздықов Балтабай ағамыздың қолдау көмегімен реставрациядан өткізіліп, жарты ғасырдан кейін қайта сөйледі. Ұлттық өнерімізді қайда жүрседе қолдап, насихаттап жүретін жастарымыз көп болғай...