КӨНЕ ТАРИХ, ЕЖЕЛГІ МҰРА!
"Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесінде 2021 жылғы 18 мамырда халықаралық музейлер күні мерекесіне орай музейлерде сақталған даңқты тұлғалардың өздері тұтынған заттарын көрсету арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында академик Қ.И. Сәтбаев және С.Торайғыров мемориалдық музейлерінің көшпелі көрмесі ұйымдастырылды.
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры С.Б.Ахметжанов аталған мерекемен құттықтап, музей ұжымына алғысын білдірді.
Шараға аталған музейлердің қорынан көрнекі жәдігерлер қойылып, қатысушыларға экскурсия көрсетілді. Кездесу соңында қатысушыларға естелік сыйлықтар таратылды.
Сонымен қатар, мезейлер күні мерекесіне орай Академик Қ.И Сәтбаевтың Баянауыл мемориалды музейінің ұжымын аудандық мәслихаттың депутаты Жұмағұлов Дүйсенбай Қожахметұлы құттықтады.