Жуырда М.Ж.Көпеев мемориалдық музейінің басшысы...

Жуырда М.Ж.Көпеев мемориалдық музейінің басшысы, Мәшһүртанушы, М.Ж.Көпеев туралы бірнеше басылымдардың авторы Әсет Қажымұқанұлы Пазылов пен музей экскурсоводы Мәдина Әсетқызы Пазылова Астана қаласында орналасқан №57 М.Ж.Көпеев атындағы білім ордасының ұйымдастыруымен өткен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлына арналған апталыққа қатысты. Шара барысында ұлы ғұламаның есімі берілген мектептің оқушылары әулие, ақын, ғұлама, шежіреші Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының тікелей ұрпақтарынан өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, ақынның өмір жолымен тереңірек танысты.

Ұлы тұлғалардың елі мен жері үшін сіңірген ерен еңбектерін өскелең ұрпаққа кеңінен дәріптейтін осындай игі шаралар көп болғай.