Ғұлама, ақын, этнограф, тарихшы, фольклортанушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің...

Ғұлама, ақын, этнограф, тарихшы, фольклортанушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165 жылдық мерейтойы аясында музейдің қоры қазан айында жаңа қолжазбалармен толықты.

Атап айтсақ; ☑️Мәшһүр Жүсіптің қолжазбаларын қазақ тіліне аударған немересі Қуандық Пазылұлының өз қолтаңбасы; ☑️Мәшһүр Жүсіптің екінші баласы Мұхаммед Әменнің қолжазбасының түпнұсқасы; ☑️Мәшһүр Жүсіптің кенже баласы Мұхаммед Фазылдың қолжазбасының түпнұсқасы; Бұл қолжазбалардың түпнұсқасы - Павлодар қаласында тұратын Қуандық Пазылұлының жеке әулеттік мұрағатынан алынған. Бүгінгі күні жеке мұрағатқа ие болып отырған Қуандық Пазылұлының ұлы Естай Жүсіпов. М.Ж.Көпеев мемориалдық музейінің басшысы, Әсет Пазыловтың айтуынша, музей үшін биылғы жылдың олжасы осы түпнұсқа қолжазбалар.