“Алаш деген ел үшін, Сарыарқаның жері үшін …”

Ақиық ақын, ағартушы, жазушы, публицист, Алаш қайраткері Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай “Алаш деген ел үшін, Сарыарқаның жері үшін …” атты аймақтық жас ақындар жыр - мүшайрасы өтті. Павлодар, Ақсу қалаларымен Шарбақты, Баянауыл аудандарынан жас ақындары қатысты. Жеті жас ақын тақырып бойынша шығарған өлеңдері мен еркін тақырыптағы өлеңдерін оқыды. Әділдігін берген әділ-қазылар құрамы:
Әбіш Асыл Әлімжанұлы – ақын, журналист, «Халық радиосының» бас редакторы, қазылар алқасының төрағасы;

Әйткен Жоламан Төлеутайұлы – ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қазылар алқасының мүшесі;

Мұқышев Алтынбек Елемесұлы – ақын, «Сарыарқа самалы» газетінің веб-редакторы, қазылар алқасының мүшесі.

Бас жүлдені - Баянауылдың тумасы Павлодар қаласынан шыққан жас ақынымыз Мейіржан Баршынбаев (ұялы телефон), І орынды Шарбақты ауданынан келген - Есенкелді Жәнібек (планшет), ІІ орынды Ақсу қаласы Досан Наурызбай (домбыра), ІІІ орынды - Баянауылдық Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ 11 сынып оқушысы Ернұр Қанашұлы (смарт сағаты) өзара бөлісті. “Жас ақын” номинация иегері - Диас Жәнібек, “Музейдің арнайы жүлдесі” номинация иегері - Әбілхан Марат, “Торайғыр ауылдық әкімінің тағайындаған сыйлығына” - Абылқасов Жамбыл ие болды. Павлодар қаласынан арнайы шақыруымызбен келген жүргізуші - ақын, журналист Қабділәшім Еламан және қазылар құрамына алғысымызды білдіреміз! Елім жерім деп жырлайтын жас ақындарымыз барда қазақтың поэзиясы әлі талай биіктерден көрінетініне кәміл сеніміміз мол!