“Мерейлі отбасы”

Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінде отбасы құндылықтарын дәріптеу, насихаттау мақсатында 2016 жылы “Мерейлі отбасы” конкурсының ІІІ дәрежелі диплом иегері, 2020 жылғы “Алтын той” иелері, бүгінгі күні отбасын құрғандарына 53 жыл болған Серік Мазанұлы Мусин мен Ғайнел апамыздың қатысуымен “Отбасы құндылықтары сарқылмас қазына” атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге ауданымыздың әр саласында қызмет істейтін сегіз жас отбасы қатысты.

Жанұялық тақырыпта әртүрлі сұрақтар қойылып, мардымды жауаптар алынды.

Қазақтың тойында айтылатын “Жұбайлар жыры” әні шырқалып, Серік Мазанұлының батасын алған жас отаулар, естелік суретке түсіп тарасты.

Әр мекемеден келген жас отбасыларға алғысымызды білдіреміз!