“Таңдамалы шығармалар жинағын”

Торайғыров университетінің ректоры Еркін Садықов С. Торайғыров Университетінің демеушілігімен жарыққа шыққан “Таңдамалы шығармалар жинағын” С.Торайғыров мемориалдық музейі қорына табысталды. Бұл кітап 1933 жылы Жүсіпбек Аймауытовтың дайындауымен жарық көрген, латын әріппен терілген, кітап беттерінде автордың ескертпелері сақталған. Аталмыш жинаққа Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің бастамасымен Торайғыров Университеті қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Еңбек Алматыдан 2014 жылы Дихан Әбілевтың жеке кітапханасынан зерттеулер барысында табылған. Музей қоры бағалы құнды жәдігермен толықты.